АҚШ Cауда миссиясы ресми сапармен Қазақстанға келді
АҚШ Сауда палатасы, Сауда министрлігі және Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі ұйымдастырған сертификатталған америкалық сауда миссиясының Қазақстанға бірінші сапары өтті. Оған 20-дан астам ірі америкалық компаниялар, атап айтқанда ExxonMobil, Boeing, GE, Baker Hughes, Citibank, Google, Microsoft, Apple және басқалар қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Бағдарлама аясында бизнес-делегация Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстел, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы, АХҚО ұйымдастырған Астана халықаралық форумына және Astana Finance Days іс-шараларына қатысып, G2B және B2B форматында кездесулер өткізді.
Миссияның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының төрағалығымен 2022 жылы Нью-Йоркте өткен Қазақстан-Америка дөңгелек үстелінің жалғасы ретінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы инвестициялық және сауда қатынастарын нығайту және күшейту.
АҚШ-тың Қазақстанға жалпы ТШИ ағыны 2022 жылмен салыстырғанда 82%-ға өсіп, 5,1 млрд АҚШ долларын құрады.
2022 жылғы тауар айналымы 3,05 млрд АҚШ долларын құрап, рекордтық көрсеткішке жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37%-ға жоғары.