Елордада ауыз су қысымы кешелі бері көтеріліп, жағдай тұрақтала бастады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
«Кешелі бері үйлеріңізде су қысымы артқанын байқаған боларсыздар. Осыған дейін айтқанымдай, қалада 2021 жылдан бастап Астана су қоймасынан су өткізетін құбырдың жаңа тармағы және ауыз су станциясы (ССС-3) салынып жатыр. Кеше су құбырының жаңа тармағы іске қосылды. Бұл тұрғын үйлердегі ауыз судың тиісті қысымын және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді», деп жазды Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі маусым айының соңында аяқталады. Осыдан кейін қалада су тапшылығы мәселесішешіледі.