Абай облысында 5 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда – ТЖМ

Жарияланды

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1500 жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 486 рет жалпы көлемі 1 000 жуық тонна су ағызылды.

Алматы қаласы, Алматы облысы ТЖД жіберілген күштер мен құралдар, Қарағанды және Алматы облыстарының ҚР ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті.

Сондай-ақ оқыңыз