Канада Украинаға 375 миллион доллар көлемінде қаржылық көмек бөледі
Жарияланды
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/06/bez-nazvaniya-2023-06-11t074536.413.jpg)
Канада Украинаға 375 миллион доллар көлемінде қаржылық көмек бөледі. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.
Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо Украинаға тағы бір қаржылық көмек траншын бөлетінін жариялады.
«Киевке барған Трюдо Украинаға әскери көмекке 500 миллион канадалық доллар (375 миллион доллар) бөлетінін жариялады», – деп жазадыThe Guardian.
Сонымен қатар, ол Канада украиналық ұшқыштарды даярлауға қатысатынын атап өтті.
Трюдо мен Канаданың қаржы министрі Христиа Фриланд сенбі күні Киевке жұмыс сапармен келген болатын.