Қостанай облысында екі жасар ашық тұрған құдыққа құлап, қайтыс болды. Полиция тергеуді бастады. Бұл туралы Alau сайты хабарлады.
Ақпаратқа Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Кәріз құдығына құлаған екі жасар баланың қаза болу фактісі бойынша Тобыл қаласында «міндеттерге салғырт қарау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полиция.
Тергеу шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды.