Семейдегі орман өрті: эвакуацияланған балалар барлық қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді

Жарияланды

 Абай облысы білім басқарамасының ақпараты бойынша, орын алған төтенше жағдайдың себебінен Семей қаласына Озерск ауылдық округінің үш елді мекенінен 50-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың ішінде 1 мен 14 жас аралығындағы 13 бала бар. Барлығы қауіпсіз жерлерге орналастырылды. Бұл туралы Балалардың Құқықтарын Қорғау Комитеті хабарлады.

 Балалар мен ата-аналар жатаханалар мен колледж ғимараттарына орналастырылып, барлық қажетті заттармен толық қамтамасыз етілді. Оларға кәсіби психологтардың көмектері ұйымдастырылды.

Бүгін бұл отбасылар үшін кинотеатрлар мен биологиялық орталықта әртүрлі көңіл көтеретін шаралар ұйымдастырылды.

Төтенше жағдайдан жетім және ата-анасын қалған балалар ұйымдары, жазғы демалыс орындары зардап шеккен жоқ. Олар барлық қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген.

 Абай облысының білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері және өңірдегі балалар құқықтары жөніндегі өкілі тәулік бойы кезекшілікте. Оқиға орнында Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің өкілі де болған.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өңірмен байланыста, балалардың жағдайы бақылауда. Комитет тарапынан барлық қажетті қолдау, көмектер одан әрі ұйымдастырылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз