Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты
Жарияланды

Ресей Президенті Владимир Путин еліміздің шығысындағы 14 адамның өмірін қиған орман өртіне байланысты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлады.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақстанның шығыс өңіріндегі апат – алапат орман өртіне байланысты көңіл айтуым мен қолдауымды қабыл алыңыз. Апаттың салдары еңсеріліп, зардап шеккен аумақтар қалыпты өмірге оралатынына сенімдімін», – делінген хабарламада.