Абай облысындағы өртті сөндіруге кеткен тағы бір адамнан хабар жоқ

Жарияланды
Токаев уволил министра по ЧС Юрия Ильина на фоне масштабных пожаров в области Абай

Фото: ТЖМ

Алапат орман өрті шарпыған Абай облысында тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Бесқарағай ауданы, Долон ауылының тұрғыны, 1987 жылы туған Архипов Сергей Николаевичтің туыстары Абай облысы Бесқарағай ауданының полиция бөліміне көмек сұрап хабарласты. Ол 10 маусым күні өз тракторымен өрт сөндіруге көмектесуге кеткен»,- делінген хабарламада.

Жедел штабтан алынған мәлімет бойынша, тракторшы 10 маусым күні кешке дейін хабарласпаған. Іздеу жұмыстарына жеке құрам жұмылдырылған.

8 маусым күні «Семей орманы» табиғи қорығында тағы да өрт шыққан болатын.

Өрт салдарынан 14 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта өрт сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1500 жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ оқыңыз