Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 9 маусымда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,5%-ға (447,90 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 445,62 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы 2-9 маусым аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Мысалы, АҚШ еңбек министрлігінің деректеріне сәйкес, өткен аптада жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға берілген бастапқы өтініштер саны 2021 жылғы қазаннан бастап ең жоғары деңгейді жаңартып, 236 мың нарықтық болжам кезінде 261 мыңға өсті. ҚХР-дағы инфляция мамырда ж/ж 0,2% болып, болжамға сәйкес келді.
Жоғарыда аталған факторлар дамушы нарықтарда валюталардың әртүрлі бағыттағы динамикасын көрсетті. Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:
- Оңтүстік Африка ранды геосаяси шиеленістің әлсіреуі мен электр қуатын ажыратудың мейілінше төмен деңгейі аясында 3,9%-ға (19,53-тен 18,76-ға дейін) нығайды;
- Бразилия реалы АҚШ ФРЖ-ның мөлшерлемелерді арттыру циклін аяқтауға жақындап қалғанын күту аясында 1,6%-ға (4,96-дан 4,88-ге дейін) нығайды;
- Мексика песосы инфляцияның мамырда ж/ж 5,84%-ға дейін төмендеуі және өнеркәсіптік өндіріс бойынша күткеннен де төмен деректердің шығуы (сәуірде 1,3% бағалау кезінде ж/ж 0,7%) аясында 1,6%-ға (17,56-дан 17,28-ге дейін) нығайды;
- Индонезия рупиясы инфляцияның нысаналы ауқымының жоғарғы шегіне жетуі (мамырда ж/ж 4%) аясында 1%-ға (14994-тен 14840-қа дейін) нығайды;
- үнді рупиясы 0,2%-ға (82,31-ден 82,46-ға дейін) аздап әлсіреді. Орталық банк негізгі мөлшерлемені 6,5% деңгейінде қалдырды;
- Ресей рублі экспорттық түсім көлемінің төмендеуі аясында 1,4%-ға (81,5-тен 82,64-ке дейін) әлсіреді;
- түрік лирасы қаржы министрлігінің орталық банкке валюта нарығындағы интервенцияларды төмендету қажеттілігіне қатысты өтініш жасауы аясында 11,9%-ға (20,93-тен 23,42-ге дейін) әлсіреді.