Жаңалықтар

Елімізде әлеуметтік осал санаттағы тұрғындардың құқын қорғайтын уәкіл пайда болды

Жакупова

Елімізде әлеуметтік осал санаттағы тұрғындардың құқын қорғайтын уәкіл лауазымы пайда болды. Ол қызметке Светлана Жақыпова тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін, Бала құқықтары жөніндегі уәкілді ауыстырған болатын. Бұл қызметті 2019 жылдың шілдесінен бері атқарып келген Аружан Саин лауазымынан босатылып, орнына Динара Зәкиева тағайындалды.