Тәуелсіздік алғалы елімізде 46 адам өрт сөндіру кезінде мерт болған

Жарияланды

Елімізде тәуелсіздік алған уақыттан бері 46 адам өрт сөндіру кезінде қаза тапты. Мұндай деректі Төтенше жағдайлар министрлігі «Курсив» тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Жлпы 32 жылға жуық уақытта төтенше жағдайлар министрлігінде жұмыс істеген 69 адам қызмет барысында қайтыс болған.

Қазір марқұм болған қызметкерлердің туыстарына және алған жарақатына байланысты жұмысқа жарамсыз болып қалғандарға төлем жасау «Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 66-бабының 5-1 (мертіккен жағдайда) және 9-тармағында (қайтыс болған жағдайда) айқындалған.

Соған сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан кейін қайтыс болған өрт сөндірушілердің әйеліне өмір бойына күйеуінің соңғы жалақысының 40 пайызы төленеді. Сондай-ақ ұл-қызы 23 жақса толғанша дәл сондай көлемде көмек көрсетіледі.

Енді Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында Абай облысында «Семей орманы» МОТР» республикалық мемлекеттік мекемесінің 14 қызметкері орман өрті кезінде қаза тапты. Олардың арасында экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты мекемеде жұмыс істеген өрт сөндірушілер мен мемлекеттік инспектор, инженерлер бар.

Сондай-ақ оқыңыз