Фото: «Қазақстан Ғарыш Сапары»
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ баспасөз қызметі Семейдегі орман өрті 8 маусым күні сағат 11: 23-те басталғанын хабарлады.
«Ғарыш мониторингі деректері бойынша алғашқы өрт биылғы жылы 8 маусымды Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11: 23-те, Семей орманы МОТР Батпаев орманшылығының 67-токсанының 1-бөлімінде тіркелді», делінген хабарламада.
Ғарыштық түсірілімде өрттің Абай облысы Бородулиха ауданы Барышевка, Успенка және Поднебесное ауылдарына тарлғаны байқалған.
Ал 09 маусым күні сағат 12.00-де жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша өрттің ауданы 30 мың гектардан асқан.
«8-9 маусымдағы өрт аумағындағы жылу нүктелері көбейген. Ол уақытта өрттің болжамды ауданы 34 мың га құрады», делінген баспаөз хабарламасында.