Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони қайтыс болды

Жарияланды

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони Миландағы ауруханада 86 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды La Repubblica

Берлускони Миландағы  «Сан-Раффаэл» клиникасында қайтыс болды. Дәрігерлер Италияның бұрынғы премьерінің қайтыс болғаны жайлы әлі ресми түрде растаған жоқ.

Сәуір айының басында өкпенің қабынуымен ауруханаға жатқызылғаннан кейін Берлусконидің созылмалы миеломоноцитарлық лейкозбен ауырғаны анықталды (оның аясында өкпе инфекциясы дамыды). Ауруға байланысты ол химиотерапия курсынан өтті. Берлускони сол кезде Миландағы «Сан-Рафаэль» клиникасында бір айдан астам уақыт емделіп, 9 маусымда қайта ауруханаға түсті.

«Италияны Берлусконисіз елестету қиын… Кейінгі 50 жылда телеарнада, газет бетінде, парламентте, барларда, стадиондарда оның аты аталмаған күн болған емес. Құрылыс мердігері, телевизия магнаты, «Милан» футбол клбуының президенті, «Алға, Италия» партиясының негізін қалаушы, үш мәрте премьер-министр, небір атышулы сот істерінің кейіпкері» деп жазылған La Repubblica некрологінде.

Сондай-ақ оқыңыз