Мирзиёев пен Ердоған орманшылардың қазасына орай Тоқаевқа көңіл айтты

Жарияланды

«Семей орманы» табиғи резерватындаңы алапат өрт салдарынан 14 орманшының опат болуына байланысты бірқатар мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

«Өзбекстан Президенті Абай облысындағы өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев қаза тапқан азаматтардың отбасының қайғысына ортақ екенін жеткізді», делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, тараптар сондай-ақ, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін тағы да растады және әлемдегі қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, дүйсенбіге күні түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

«Түркия Президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз