Жаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» 2022 жылғы 34,8 млрд теңге таза табысынан дивиденд төлемейді

Фото: kursiv.media

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» 2022 жылы 34 887 277 000 теңге таза табыс тапқан. Алайда жалғыз акционердің шешімімен 2022 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төленбейді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы сайтындағы хабарламада жазылған.

Жалғыз акционер 2023 жылдың 25 мамырындағы шешіміне сәйкес, компанияның 2022 жылғы қаржы есебі бекітілген.

Сонымен қатар, 34 887 277 000 теңге мөлшеріндегі таза табыс компанияның иелігінде қалып, бір жай акцияға шаққанда дивиденд төленбейді.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ҰАҚ. Оған компанияның 100 пайыз акциясы тиесілі.

ҚТЖ ұлттық теміржол инфрақұрылымына иелік етеді және оны басқарып, жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Жақында S&P Global Ratings қазақстандық мемлекетпен байланысты үш компанияның рейтінгі «жоғарыдан» – «өте жоғары» деңгейіне дейін көтергенін хабарлады. Олар: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (KEGOC) және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниясы.

2023 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша жүк айналымы 7%-ға өскен.