Қазақстан Абай облысындағы өрт құрбандарын аза тұтуда

Жарияланды

Президент Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2023 жылғы 12 маусымды Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды.

«Семей орманы» табиғи резерватында 8 маусым күні тұтанған өрт салдарынан 14 адам опат болған еді. Юрий Ильин өрт ауқымының күрт ұлғаюына жағдайдың дұрыс болжанбауы ықпал еткенін мәлімдеген болатын.

Тоқаев қайтыс болған жандардың жақындарына көңіл айтып, кешірім сұрады. Президент жанынан қор құрылып, қаралы отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіліп, өтемақы төлененетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы ТЖМ жұмысын сынға алып, Абай облысының әкіміне сөгіс жариялады.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді лауазымынан босатып, орнына ТЖМ қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы қызметін атқарған Сырым Шәріпханов тағайындалды.

Ал, өрт кезінде опат болған 14 орманшы Құрмет орденімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыз