Абай облысында қою түтін салдарынан Бұлақ ауылынан 80-ге жуық адам эвакуацияланды
Фото: kursiv.media
Абай облысындағы Бұлақ ауылынан 80-ге жуық адам көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.
«Қою түтін салдарынан Семей қаласының Бұлақ ауылының 80-ге жуық тұрғыны эвакуацияланған. Ауыл тұрғындары азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген эвакуациялық пункттерге орналастырылды. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы», делінген хабарламада.
Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапарын кейінге шегерді.
Семейдегі орман өртімен күресте қаза болғандар Құрмет орденімен марапатталды.
09.06.2023 жылы Абай облысының орман алқабында орын алған өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу).