Қытай құрылыс нарығындағы тәуекел әсерінен темір рудасы арзандады

Жарияланды
pexels

Сингапур биржасында темір рудасы 4,8%-ға арзандап, тоннасына 107,5 долларға түсті. Bloomberg хабарлағанындай, Goldman Sachs Group Inc осыған дейін Қытай экономикасының өсіміне жылжымайтын мүлік нарығының әлсіреуі көп жылдық кедергі болуы мүмкін екенін ескерткен.

Темір рудасының бағасы соңғы 9 сауда сессиясында қатар арзандады. Инвестициялық банк туындаған қиындықтар Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығындағы қалыптастқан жағдай – қалалардың нашар дамуы мен жекелеген мердігерлерді қаржыландыру мәселесімен байланысты екенін мәлімдеді. Goldman Sachs банкінің болжамынша, нарық «L-сипатта», яғни айтарлықтай құлдыраудан кейін барып қана қалпына келеді.

Қытай үкіметі болаттың негізгі тұтынушысы саналатын жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай жақсарады деген үмітте.

Алайда, Goldman Sachs тұрғын үй құрылысында қосымша ынталандыру шараларын күтпейтінін мәлімдеді және Бейжің секторға экономикалық және фискалдық тәуелді төмендетуге тырысуы мүмкін деп болжап отыр.

Жыл басында Қытай билігі бір жарым жылдық үзілістен кейін тұрғын үй жобаларын қаржыландыру үшін қаражат тартуға жеке капитал қорларына рұқсат беруді қайта бастады.

Сондай-ақ оқыңыз