ШҚО-дағы зауыт Семейдегі өрттен көз жұмғандардың отбасына бір млн теңгеден аударады

Жарияланды

ШҚО-да «Казцинк» ЖШС Абай облысында өрттен көз жұмған 14 адамның отбасына бір млн теңгеден аударады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Абай облысындағы алапат өрттен көз жұмған 14 орманшының отбасына «Казцинк» ЖШС материалдық көмек көрсетеді. Әр жанұяға 1 млн теңгеден берілмек.

«Абай облысындағы өрт ұлттық трагедияға айналды. Шығыс Қазақстаннан бөлініп шыққанға дейін бұл өңірдің кеншілері мен металлургтері бізбен бірлесе жұмыс істеп, түрлі жобаларды жүзеге асырды. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға көмектесу – компаниямыз үшін өте маңызды міндет. Қызметтік борышын өтеуде нағыз ерлік көрсетіп қаза болған орман шаруашылығының қызметкерлерін бүкіл ел аза тұтуда. Біз олардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсеткіміз келеді. Сол үшін осындай шешімге келдік. Марқұмдардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз», – дейді бас директоры Александр Хмелев.

Сондай-ақ оқыңыз