Мамыр айында теңге бағамына ішкі факторлар әсер етті – Ұлттық банк

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2023 жылғы мамырда теңгенің айырбастау бағамының динамикасына көбінесе ішкі факторлар әсер еткен. Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мамыр айындағы теңге бағамы динамикасы мен қаржы нарығындағы үрдістер туралы айттып өтті.

«Мамыр айы – «салық» айы саналады. Сондықтан экспорттаушылардың тоқсандық салық төлемдерін төлеу үшін валюталық түсімді конвертациялауы бағамның бір айда 1 АҚШ доллары үшін 447,71 теңгеге дейін 1,2%-ға нығаюына айтарлықтай әсерін тигізді. Сонымен қатар мамыр айында теңге бағамының әртүрлі динамиканы көрсеткенін атап өткен жөн», – деді Молдабекова.

Трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 800 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылған. Маусым айында оның көлемі азайып, шамамен 500-550 млн АҚШ доллары болады.

«БЖЗҚ-ның валюталық үлесті қолдау аясында валютаны сатып алу бойынша операциялары 240 млн АҚШ долларын құрады. Маусымда 200 млн АҚШ долларынан 250 млн АҚШ долларына дейін валюта сатып алынады», – дейді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары

Ұлттық Банк мамырда валюталық интервенциялар жүргізбеді.

Квазимемлекеттік сектор субъектілері өз кезегінде валюталық түсімнің бір бөлігін ішкі нарықта сатуды жалғастыруда. Міндетті сату көлемі мамырда 323 млн АҚШ долларын құраған.

Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі, алдын ала деректерге сәйкес, өткен айда шамамен 400 млн АҚШ долларына ұлғайып, мамыр айының соңында 59,2 млрд АҚШ долларын құрады.

Акциялар нарығындағы мөлшерлемелердің өсуі мен түзетуге байланысты облигацияларды теріс қайта бағалауға қарамастан 1,7 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі айтарлықтай валюталық түсімдер теріс инвестициялық кірісті теңестірді, бұл қор активтерінің өсуіне әсер етті. Бұл ретте мамыр айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 491 млрд теңге аударылған.

Сондай-ақ оқыңыз