Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Жарияланды

Фото: ТЖМ

Абай облысындағы өртті сөндірге қазіргі кезде ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық бірлік техника жұмылдырылған.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте өрт ошақтарына әуеден 546 рет көлемі 1 500 астам тонна су төгілді. Өрт сөндіру жұмыстары басталғалы бері өрт ошақтарына әуеден 1323 рет жалпы көлемі 4000 тоннаға жуық су төгілген.

Пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, аэровизуалды барлау нәтижесінде өрт Каштак орманшылығынан Семей қаласына қарай бағыт алып, жоғары өрбігені байқалады. Жедел іс-қимылдар мен уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрттің елді мекендерге таралуына жол берілмеген.

Кеше Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өртке қатысты жағдай тұрақты және бақылауда деген еді.

«Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрттің таралуының қаупі бар, алайда бізде өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдардың тобы жеткілікті», – деді министр.

Өрттің таралуы тоқтатылған. Жедел штабтың дерегі бойынша, өрттің жалпы көлемі 60 000 га құрайды, оның 43 000 гектарында әлі орман өртеніп жатыр.

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғады. Құзырлы орындар Абай облысындағы орманға қасақана от қою дерегін тексеріп жатыр

Қазақстанда соңғы үш жылда 2251 орман, 319 дала өрті тіркелген. 2022 жылы 701, 2021 жылы 749, 2022 жылы 801 оман өрті тіркелсе, 2020 жылы 130, 2021 жылы 115, 2022 жылы 74 дала өрті тұтанған.

Сондай-ақ оқыңыз