Алматы әкімдігінің ғимараты маусым айынан бастап кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі

Жарияланды
Здание акимата Алматы, сгоревшее во время январских событий, в июне поэтапно начнут вводить в эксплуатацию

Фото: kursiv.media

Қаңтар оқиғасы кезінде өртеніп кеткен Алматы әкімдігінің ғимараты маусым айынан бастап кезең-кезеңімен пайдалануға берілмек. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ғимараттың бүкіл бөлігінде сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталды. Қазір құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстарын (гипсокартон қалқаларды орнату, сылау, қабырғаларды қаптау), инженерлік желі төсеу, салқындату жүйесі жабдықтарын орнату, фасадты мәрмәр және травертинмен қаптау, терезе блоктарын орнату және т.б жұмыстарын атқарып жатыр.

«Биыл маусым айынан бастап бүкіл бөлікті кезең-кезеңімен пайдалануға беру жоспарланған. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр», – деді әкімдіктегілер.

Басқармада атап өткендей, құрылыс-монтаж жұмыстарын қазан айында аяқтау жоспарланған.

Бұған дейін әкімдік ғимаратын жөндеу жұмыстары 2023 жылдың көктеміне дейін аяқталатыны хабарланған. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеген. Әкім бастапқыда жөндеуді 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлағанын, бірақ «күрделі жобалық шешімдер» тапсырманы қиындата түскенін айтты.

Айта кетейік, 2022 жылғы Қаңтар қырғыны газ бағасының қымбаттауынан басталып еді. Батыс жұрты газ бағасы литріне 50 теңге болсын деген талаппен, бейбіт шеруге шыққан. Еліміздің өзге өңірлері қолдап, арты үлкен толқу алып келді.

Алматыда әкімдік ғимараты, президент резиденциясы өртенді, әуежай мен басқа да нысандарға зақым келді. Елде төтенше жағдай жарияланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз