Жаңалықтар

Астана әкімі газ жылу станцияларының құрылысы туралы айтты

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында газ жылу станцияларының құрылысы қашан қолданысқа енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қаланы қосымша көлемде жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін өткен жылдан бастап екі газ жылу станциясының құрылысы басталған.

Елорданы аралау барысында «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының құрылысымен таныстым. Олардың қуаты құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-тен асып түседі.

Бұл газ жылу станцияларын ағымдағы жылыту маусымында кезең-кезеңімен іске қосуды жоспарлап отырмыз. 

Сонымен қатар мердігерге ЖЭО-3 құрылысын биыл аяқтау міндеті жүктелді. Осы шаралардың бәрі жылумен жабдықтау көлемін едәуір ұлғайтуға, сол сияқты болашақта құрылыс жұмысы жүретін аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді», – деп жазды елорда әкімі.