Қазақстан азаматтарының Сауд Арабиясы мұнай-газ секторында жұмыс істеу мәселесі талқыланды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Сауд Арабиясының Энергетика министрі ханзада Абдулазиз бин Салман бин Абдулазиз Аль Саудпен  кездесіп, екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты талқылады. Бұл жайлы министрліктің баспасөз орталығы хабарлады.

Эр-Рияд қаласына іссапары барысында Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Сауд Арабиясы Корольдігі министрлігі арасында келісімге қол қойылды. Ол құжатта мұнай және газ, электр энергетикасы, таза сутегі, ЖЭК, цифрлық трансформация, энергетикадағы инновациялар мен киберқауіпсіздік, энергетика саласындағы компаниялармен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ энергетика саласындағы энергетикалық сектор мәселелері, энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың басқа да өзекті мәселелері қамтылған.

«Алмасадам Сәтқалиев қазақстандық мұнай-газ саласының мамандарын жұмысқа орналастыру және олардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін Сауд Арабиясының мұнай-газ жобаларының тартымдылығын атап өтті. Осыған байланысты Сәтқалиев Сауд Арабиясының әріптесіне қазақстандық компаниялар мен азаматтарды Корольдіктің мұнай-газ жобаларына тарту бойынша қолдау көрсету, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін жұмыс рұқсаттары бойынша арнайы квота бөлу мүмкіндігін қарастыру туалы ұсынысын білдірді», делінген хабарламада.

Қазақстан энергетика министрлігінің басшысы Қазақстанның ОПЕК-пен сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастығын атап өтті. ОПЕК+ келісіміне сәйкес, Қазақстан комитеттің 2024 жылдың соңына дейін тәуліктік мұнай өндіруді шектеуді ұзарту туралы шешіміне қосылды. Бұл ретте республика Келісімде белгіленген деңгейден тәуліктік өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге өз еркімен азайтты.

Сондай-ақ оқыңыз