Оқу-ағарту министрлігі бірнеше оқу платформаларына негізсіз жеңілдіктер беріп келген

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Оқу-ағарту министрлігі «BilimLand», «Kundelik.kz», «Дарын.online» секілді оқу платформаларына негізсіз жеңілдіктер беріп келген. Бұл жайлы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз орталығы хабарлады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Білім министрлігіне қатысты тергеп-тексеру жүргізіп, оның қорытындысы бойынша министрлікке қатысты монополияға қарсы заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарған.

«Министрлік, білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітіп, оған сәйкес сабақтарды «BilimLand», «Kundelik.kz», «Дарын.online» интернет-платформасы арқылы өткізуді ұсынған. Осылайша, ақпараттық платформаларға қол жеткізу бойынша жоғарыда аталған компанияларға негізсіз артық мүмкіншіліктер беріліп, аталмыш қызметті көрсететін өзге компаниялардың бәсекелестік жағдайын шектеген», делінген хабарламада.

Мұндай актілерді қабылдау, Кәсіпкерлік кодекстің 194-бабына сәйкес тыйым салынады. Қазіргі уақытта БҚДА нұсқамасын орындап, Министрлік әдістемелік ұсынымдардың күшін жойған.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ компаниялар тобының 42 ұйымның 424 қызметіне мониторинг жүргізіп, заңнаманы бұзушылықтарды анықтаған. Онда ҚТЖ сексеннен аса қызметті Бәсекелестікті қорғау агенттігінің келісімінсіз жүргізген

Сондай-ақ оқыңыз