Таиландта жүрген қазақстандық 45 тәулікке қамалды
Жарияланды
Таиландта жүрген Қазақстан азаматы 45 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
БАҚ өкілдері сыртқы істер министрлігінің өкілінен Таиландта жүрген қазақстандықтың Ресей азаматына жасаған шабуылы туралы сұрады.
«Біз таи билігінен ақпарат сұраттық. Олар мәліметті растады. Оның Қазақстан азаматы екені анықталды. Таи полициясы оны 45 тәулікке қамауға алды. Қазақстан азаматы визалық режимді 4 күнге бұзған. Басқа ақпарат түспеді. Оған тек миграциялық режимді бұзды деп айып тағылып отыр. Қазақстанның Таиландтағы елшілігі таи полициясымен үнемі байланыста», – деді Айбек Смадияров.