Toyota 2026 жылы электромобильдердің жаңа буынын шығарады

Жарияланды

Жапондық Toyota Motor 2026 жылы толық электрлі көлік желісінің жаңа буынын (BEV) шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.

«2030 жылы компания 3,5 миллион электромобиль сатуды жоспарлап отыр»,- деп жазады Nikkei.

Бұл ретте мамыр айында ашылған және BEV көліктеріне маманданған BEV фабрикасы 1,7 миллион көлік құрастыратын болады.

«Аккумулятордың жаңа буыны мен басқа да технологиялардың арқасында көліктің жүру резерві 1000 шақырымға жетеді»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Toyota 2030 жылға қарай 8 триллион иенді (70,4 миллиард доллар) электромобиль, гибридтер мен отын ұяшықтары бар көліктерге жұмсамақ.

Сейсенбі күні қор нарығындағы саудада автокөлік өндірушінің акциялары 5,1%-ға қымбаттады. Соңғы үш айда компанияның капиталдануы 20,2%-ға өсіп, 28,41 трлн иенді құраған.

Сондай-ақ оқыңыз