Жаңалықтар

Жетісу облысында 1,6 трлн теңгені құрайтын 146 жоба жүзеге асырылады

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Жетісу облысында 1,6 трлн теңгені құрайтын 146 жоба жүзеге асырылады. Бұл жайлы олыс әкімі Бейбіт Иасабев айтты.

Жетісу облысында биыл ирригациялық жабдықтар шығаратын зауыт салынады. Ал 2026 жылға дейін 7 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 1,6 трлн теңгелік 146 жобаны қамтитын инвестициялық портфель қалыптастырылады.

«Облыс құрылғаннан бері 47 жоба іске асырылып, мыңнан астам жұмыс орны ашылды. «Өңірдің аграрлық бағытын ескере отырып, АЭА аумағында қытайлық ең ірі жаңбырлатқыш жүйе өндірушісі құны 20 млн долларды құрайтын ирригациялық жабдықтар шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр. Бірінші желі биыл іске қосылады», – дейді әкім.

Сонымен қатар 57,3 млрд теңгеге жалпы қуаттылығы 11 млн тоннаны немесе 630-700 мың контейнерді құрайтын көпфункционалды жүк тасымалдау терминалдарын салу бойынша 3 перспективалық жобаны іске асыру жоспарланған.