Жетісу облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы салынады

Жарияланды

Фото: Қордың баспасөз қызметі

Жоңғар қақпасы аймағында электр энергиясын жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр станциясы салынады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Астана халықаралық форумы аясында Самұрық-Қазына, ҚР Энергетика министрлігі, Жетісу облысы әкімдігі және ACWA power компаниясының басшылығы  ЖЭС жобасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар мен мерзімін айқындайтын жоспарға қол қойған.

Аталмыш құжат – Мемлекет басшысының 2022 жылы Джедда қаласына барған сапары мен биыл Сауд Арабиясында қол қойылған Қағидаттар туралы келісімнің шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы.

ACWA Power – жаңартылатын энергия көздері, атап айтқанда, электр энергиясы мен тұщыландырылған су өндірісі бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі.​ Компанияның энергетикалық портфеліне 12 елдегі 77 актив кіреді. Жобалардың жиынтық қуаты 50,4 ГВт электр энергиясынан асады, ал компанияның жобаларға инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 78,2 млрд долларды құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз