АИТВ-ның 3 жағдайы анықталған Орталық клиникалық ауруханада жоспардан тыс тексеру басталды

Жарияланды

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде қан алған пациенттер 30 күннен кейін АИТВ-инфекциясына сараптамадан өтуі тиіс. Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«2020 жылғы 20 қазандағы №140/2020 бұйрыққа сәйкес реанимация бөлімінде гемотрансфузия алған пациенттер 30 күннен кейін АИТВ-инфекциясына бақылау талдауынан өтуге міндетті. Алматы қ. ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ОҚКБ) АИТВ оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтады, делінген хабарламада.

Басқарма мәліметінше, арнайы комиссия құрылып, АИТВ-инфекциясының берілу көздерін анықтау бойынша ішкі тергеу жүргізді, донорлар, медицина қызметкерлері және байланысқан адамдар тексеруден өткізілген.

«Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша – зерттелгендердің барлығынікі теріс нәтиже. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ағымдағы жылдың 13 маусымында комиссияның қорытындысын Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне (ССЭК) берді. 2023 жылдың 14 маусымында ДСЭГ ҚР ДСМ Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандарын тарта отырып, ОҚКБ-ны жоспардан тыс тексеруге бастамашы болды», делінген хабарламада.

Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыз