Binance US криптовалюталық активтері бұғатталмайды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Binance крипто биржасы АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясымен (SEC) келісімге келді. Енді Binance US активтері бұғатталмайды, сауда платформасында еркін саудаланады. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Еске салайық, 2023 жылдың маусым айының басында SEC Binance-ке қарсы 13 айып тақты. Binance-тың АҚШ-ғы крипто биржалық бөлімшесінің заңсыз әрекеттерге жол бергені айтылды.

АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы Binance пен оның бас директоры Чанпэн Чжаоға қарсы сотқа шағым түсірген болатын. Реттеуші крипто биржасының басшылығын бағалы қағаздармен тиісті тіркеусіз мәмілелер жасауға рұқсат берді және инвесторларды қадағалау тетіктеріне қатысты жаңылыстыруға жол берді деп айыптады. Бұл айыптаудан кейін SEC Binance-тың АҚШ-тағы активтерін бұғаттауға өтініш берді. Егер комииссияның талаптары сотта қанағаттандырылса, бұл биржаның америкалық бөлімшесінің құрдымға кетуіне ықпал етер еді.

Әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасының АҚШ-тағы бөлімшесі Binance комиссияның бұл шешіміне қарсы сотқа шағым түсірді.

«Сот АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының өтінішін қабылдамауы керек. Егер активтер бұғатталса, биржа өз қызметкерлеріне жалақы төлей алмайды. Операциялар тоқтатылады. Барлық активтерді бұғаттаумен банк серіктестері ақша аудару туралы сұрауларды қабылдауды тоқтатуы мүмкін», деген Binance өкілдері.

Алайда SEC пен Binance бір мәмілеге келіп, жағдай шешілген.

Сондай-ақ оқыңыз