Жаңалықтар

Жапония НАТО-мен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Жапония еркін Үнді-Тынық мұхиты принципін жүзеге асыру үшін НАТО-мен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында Жапония үкіметінің бас хатшысы Хирокадзу Мацуно мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Оның айтуынша, аймақтағы қауіпсіздік мәселелері Еуропадан бөлінбейді. Ал Солтүстік Атлантикалық альянс Жапония тарапының сенімді серіктесі болып табылады. Хирокадзу Мацуно Токио мен НАТО арасында елге бейімделген серіктестік жоспары жасалып жатқанын айтты.

Алайда оны жүзеге асыру мерзімі әлі нақтыланған жоқ.