2022 жылы Ресейден Қазақстанға 11 трлн теңгенің құнды қағаздары аударылған
Қазақстанның Құнды қағаздар орталық депозитарийіне өткен жылы Ресейден 11,1 трлн теңгенің немесе 1,7 трлн рублдің қаржылай активтері аударылған. Бұл туралы Орталық депозитарийдің 2022 жылғы есебінде жазылған. 2021 жылы мұндай аударымның көлемі бар болғаны 0,8 трлн теңгені ғана құраған. Нарық қатысушыларының пайымдауынша 2022 жылғы аударымдардың басым көпшілігі ресейлік немесе Ресеймен байланысты активтер.
2022 жылы орталық депозитариийге 8.9 трлн теңгеге облигациялар, 0,05 трлн теңгеге акциялар және тағы 2 трлн теңгеге жуық сомаға өзге құралдар аударылған. Нәтижесінде депозитарийде сақталып тұрған, айналымға Қазақстанда шығарылмаған облигациялардың көлемі 2022 жылы 4 есе өсіп, құндық мәнде 4,7 трлн теңгеге жеткен. Салыстырмалы түрде өткен жылдың 31 желтоқсанында Қазақстанда айналымға шыққан бағалы қағаздардың құндық мәні 2 трлн теңгеге ғана артық.
Мекеме есебінде бұған себеп ретінде, айналымға шыққан Ресей федералды займ облигацияларының ауқымды көлемін Орталық депозитарийдің номиналды ұстауына енгізу аталыпты. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, өткен жылдың наурыз айынан бастап, желтоқсан айының басына дейін қазақстандық брокерлер ресейлік федералды займ облигацияларымен 0,6 теңгеге мәміле жасаған. Бұл туралы Bloomberg те жазған.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басылымға ұсынған мәліметінше, ресейлік федералды займдар облигацияларын сатып алған қазақстандық клиенттердің үлесі 48,7%, ал ресейліктердің үлесі 41,4% болған. Сонымен қатар, Ресей Қаржы министрлігі шығарған құнды қағаздарды БАӘ, Словакия резиденттері де сатып алған.
Дегенмен, Frank Media сауалнама алған брокерлердің ешбірі ресейлік құнды қағазбен жасалған операцияларға баға бермеген.