Жаңалықтар

2024 жылдан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады

Фото: kursiv.media

Мемлекеттік кірістер комитетінде келесі жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыратын азаматтарға арнап жадынама әзірледі.

2024 жылдан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады. Сол шара шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы тиіс.

Комитет міндеттеме кәсіпкер немесе заңды тұлға қызмет жүргізбеген жағдайда да туындайтынын ескертеді. Осыған байланысты, іс жүзінде кәсіпкерлік қызметі жоқ азаматтар жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңіне қатыспас үшін жыл соңына дейін бірнеше іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны жөн.  

1. Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, бірақ қызмет жүргізбесеңіз, кәсіпкерлікті оңайлатылған тәртіппен жабу үшін тұрғылықты тұратын жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіне аласыз.

2. Егер сіз заңды тұлғаның басшысы болмасаңыз, бірақ заңды тұлғаның тіркеу деректерін өзгертпесеңіз, egov.kz веб-порталында хабарлама беру арқылы деректерді түзете аласыз. Әрекетсіз заңды тұлғалар басшыларының тізімімен kgd.gov.kz сайтының «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде танысуға болады.

 3. Егер сіз заңды тұлғаның басшысы (құрылтайшысы) болсаңыз, кәсіпкерлік қызметті жүргізбесеңіз және жалғастыруды жоспарламасаңыз, кәсіпорынның тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуді ұсынамыз. Салық кодексінің 59-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес болған кезде заңды тұлға оңайлатылған тәртіппен, қалған жағдайларда салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін таратылады.

«Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы, оның ішінде олардың басшылары туралы ақпарат «электрондық сервистер» – «бизнеске көмек» – «сенімсіз салық төлеушілердің тізімі» – «әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімі» мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады

«Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы, оның ішінде олардың басшылары туралы ақпарат «электрондық сервистер» – «бизнеске көмек» – «сенімсіз салық төлеушілердің тізімі» – «әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімі» мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

«Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы, оның ішінде олардың басшылары туралы ақпарат «электрондық сервистер» – «бизнеске көмек» – «сенімсіз салық төлеушілердің тізімі» – «әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімі» мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады», делінген комитеттің баспасөз хабарламасында.

.