Орталық депозитарий қазақстандық инвестордың портретін жасады

Жарияланды
Фото: Freepik

Қазақстандық инвестордың портреті Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қосалқы шоттар ашылған инвесторлар туралы деректер негізінде жасалады.

Жүйедегі 684 мың қосалқы шоттың 681 мыңы бөлшек инвесторларға тиесілі.

Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың 99%-дан астамын қазақстандық инвесторлар құрайды. Бейрезиденттер үлесі небәрі 0,7%.

Инвесторлардың жас санатына келер болсақ, 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 35-54 –тегі бөлшек инвесторлар тобы басым. Олар жалпы санының 36,6%-ын құрайда. Одан кейінгі орында 25-34 жастағы бөлшек инвесторлар тұр, олардың үлесі 31%-ға жеткен. Ал 18-24 жас аралығындағылар – 18,2% шамасында.

55 жастан асқан инвесторлардың үлесі төмендеп, 14,2% болды. Бұл топ 2022 жылдың қараша айындағы көрсеткіштерге қайта оралды.

Айта кетейік, бұған дейін 55 жастағы бөлшек инвесторлар саны 2022 жыл бойы жүйелі түрде қысқарып келген еді.

Гендерлік бөлініске келетін болсақ, әйел-инвесторлар санының өсу қарқыны 2022-2023 жылдар бойы сақталып отыр. Қазіргі уақытта бөлшек инвестор-әйелдердің үлесі 49,8%, ерлер – 50,2%.

Өңірлік тұрғыда, бұрынғыдай Алматы (19,9 %) мен Астана (11,3%) алдыңғы орында. Үшінші сатыда Түркістан облысы тұр (9,4 %). Бағалы қағаздарды ұстаушылардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі (1,7%).

Еске сала кетсек, биылғы 1 маусымда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесінде 1 870 000-нан астам шот тіркелген, оның 684 мыңы Орталық депозитарийде ашылған инвесторлардың сегрегацияланған қосалқы шоттарына, қалған 1 186 мыңы активтері агрегирленген омнибус-шоттар арқылы есепке алынуға жататын инвесторлардың брокерлік шоттарына тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз