Салық берешегін төлемеген борышкерлер тексеріле бастады

Жарияланды

Фото: Қаржы министрлігі

Алматыда автокөлік құралдары бойынша салық берешегін өндіріп алу мақсатында Алматы қаласы полиция департаментімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 4,9 млрд теңгені құраған. Берешектің негізгі бөлігі қозғалтқыш көлемі 4000 текше см-ден асатын автокөліктерге тиесілі.

Жеке сот орындаушыларының қаулысымен борышкерлердің автомобильдері «Сергек» камераларының көмегімен анықталып, салық толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қамалады.

Бір апта ішінде жиырмадан астам көлік, соның ішінде Porshe cayenne, Toyota Land Cruiser, E-класты Mercedes-Benz сынды көліктер айыппұл тұрағына қамалған.

Алматы қаласы бойынша МКД автокөлік иелерін айыппұл тұрағына қамауды және сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу бойынша жайсыз жағдайларды болдырмау үшін жақын арада салық берешегін өтеуге шақырады.

Азаматтар салық берешегіне қатысты ақпаратты МКК «Е-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен және өз бетінше www.kgd.kz интернет-ресурсы мен екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасында тексеруге болады.

Осыған дейін Қазақстанның Ұлттық экономика вице-министр Азамат Әмрин 50 миллион теңгеден асатын көлік иелері мен 10 және одан да көп пәтері барлар көбейтілген салық төлейтінін мәлімдеген болатын. Жаңа занмаға сәйкес қымбат мүлік иелері көбірек салық төлей бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз