Еңбек нарығында кадр жетпейді! Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен HeadHunter жұмыс іздеу және жалдау бойынша онлайн платформалардың еңбек нарығына жүргізген тадауын жариялады.
2023 жылғы мамырда Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) 94,9 мың бос жұмыс орны болса, оған 74,5 мың түйіндеме орналастырылған. Сәуірмен салыстырғанда бос орындар саны 10,5% – ға, ал түйіндеме 0,9%-ға өскен.
Ал hh.kz сайтында 2023 жылдың мамыр айында жұмыс берушілер әртүрлі салалар бойынша 50 000-ға жуық бос жұмыс орнын жариялаған. Бұл өткен аймен салыстырғанда 18%-ға, бір жыл бұрынғы жағдайдан 39%-ға артық екен.
ЭЕБ-ның мәліметі бойынша еңбек ресурстарының жетіспеушілігі 20,4 мың бірлікті немесе орналастырылған бос лауазымдардың жалпы санының 22%-ын құраған. Дегенмен, әр өңірдің географиялық орналасуына байланысты кейбір қалаларда кадрлардың профициті байқалған. Әсіресе, оңтүстік облыстарда, жұмыс орны тапшы. Атап айтқанда Шымкент қаласында түйіндеме саны бос орындар санынан 2,4 мыңға немесе 78%-ға асып кеткен. Ал Түркістан облысына 5,1 мыңға немесе 76%-ға артық.
Ал Қарағанды облысында керісінше, кадр дефициті байқалған. Мамыр айында бос орындар түйіндемеден 5,6 мың бірлікке асып, жұмысқа орналасуға қолжетімді орындардың жалпы саны 65%-ды құраған. Сонымен бірге Ұлытау облысында да бос орындар түйіндемеден 646 бірлікке артыұ болған.
ЭЕБ талдау бойынша еңбек нарығында ең сұранысқа ие және тапшы кадрлар автомобиль жүргізушілері. Бұл сала бойынша 1,9 мың бос жұмыс орнына 1,5 мың түйіндемеден келеді. Күзетшілер де сұранысқа ие. 1,6 мың бос жұмыс орнына небары 889 түйіндеме ғана бар. тәрбиешілер (1,5 мың бос жұмыс орны және 810 түйіндеме) болып қала береді. Сәуір айымен салыстырғанда медицина қызметкерлеріне (1,6 мың бос жұмыс орны және 1 мың түйіндеме) және байланыс орталығының операторларына (1,9 мың бос жұмыс орны және 11 түйіндеме) сұраныстың артуы байқалады.