Шымкент тұрғындары қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Chia Tai Tianging Group» қаржы инвестициялық пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл жайлы агенттіктің баспасөз орталығы хабарлады.

«Бұл ұйымға 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны 83 млн теңге салған. Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды», – делінген агенттік хабарламасында.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілмейді.

Агенттік қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлікті тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеді.

Қазақстанда қаржы пирамидасының құрбандарының жалпы саны үш есе артқан. Биыл қаржы пирамидаларын құрған 30 адам ұсталса, бір жыл бұрын небары 2 адам ғана ұсталған. 

Ал 13 наурыз күні Алматы сотында мемлекеттік айыптаушы қаржы пирамидасын құруға және жарнамалауға көмектескен вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мейіржан Төребаев Mudarabah Capital құрылтайшысы қатарында болған.

Сондай-ақ оқыңыз