Шымкентте тұрғын үйлерді сапасыз салған мердігерлерге 84 млн теңге айыппұл салынған

Жарияланды
Құрылыс

Фото: kursiv.media

Биыл мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Шымкентте пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73%-ға артқан. Бұл жайлы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

«Осы жылы пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73%-ға артты. Ал мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 4 445 отбасы баспанамен қамтылады. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламадан тыс қалып отырған әлеуметтік санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында, «Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасы қабылданды. Ол бағдарламаны жүзеге асыруға 3 млрд теңге бөлінді», деді шаһар басшысы

Журналистер пайдалануға берілген үйлердің сапасы сын көтермейтінін осыған қатысты тұрғындардан көп шағым түсіп жататынын айтты.

«Иә, кейбір үйлердің сапасы расымен төмен. Біз тұрғындардың наразылығын ескеріп, жағдайды өз көзімізбен көрдік. Оны шешу үшін арнайы комиссия құрдық. Нәтижесінде 1200-ден аса кемшілік анықталды. Тексеру жұмыстары нәтижесінде үш құрылыс компанияны қара тізімге енгіздік. Сонымен бірге 84 млн теңге айыппұл салдық. 7 техникалық бақылаушы мекемелерге де айыппұл салдық. Біз осы бағыттағы жұмысты көбейтеміз. Мердігерлер 5 жылға кепілдік берген. Сол 5 жыл ішінде кеткен кешмшіліктердің бәрін түзетуге міндетті», деді әкім.

Сондай-ақ оқыңыз