Дәулетті адамдар тізіміндегі жанның иелігіне заңсыз өткен 3500 гектар мемлекет қайтарылды

Жарияланды

Фото: www.gov.kz

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы 3500 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды. Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, бұл жер Forbes тізіміндегі дәулетті адамның иелігіне 2017 жылы заңсыз өтіп кеткен. Алайда, облыстық прокуратура аталған тізімге енген бай адамның аты-жөнін жария етпепті.

Енді бұл жер сол ауданның тұрғындарына жайылым ретінде пайдалануға берілмек.

Жалпы жыл басынан бері жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі кадастрлық құны 714 млн.теңгеге тең 26,8 мың га жер мемлекет пайдасына қайтарылған.

Заңсыз иелікке өткен бұл жер учаскелеріне не астық, не жем-шөп себілмеген. Тіпті шауашылық балансында жайылатын мал да болмаған.

2022 жылы экономиканы беймонополиялау жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әлихан Смайылов пайдаланылмай бос жатқан жерлер жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарына беріледі деген еді.

2019-2021 жылдары атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 8,1 млн га пайдаланылмайтын немесе мақсатты пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері анықталған. Тиісті шаралардан кейін осы көлемнен 3,4 млн га жер телімін бұрынғы меншік иелері игере бастады. 2,1 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бүгінде 2,6 млн га жергілікті атқарушы органдардың қарауында.

Жетісу облысында 7 600 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

​ 

Сондай-ақ оқыңыз