Алматы туризмі пандемияға дейінгі көрсеткіштерге жетті

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Алматыдағы туризм пандемияға дейінгі деңгейге оралды. Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында қалалық экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәлімдеді.

«2022 жылы мегаполиске 1,8 млн турист келген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 48%-ға артық», деді басқарма басшысы.

Өз кезегінде туристік лектің ұлғаюы инфрақұрылымның дамуына әсер еткен. Өткен жылы мегаполисте 2,2 мың төсек-орынға 34 жаңа орналастыру орны құрылған. Әсіресе, қала тау туризмі шетелдіктер үшін тартымды. Өткен жылы ұзындығы 150 км 12 маршрут пен 3 кемпинг аймағы абаттандырылған.

Сондай-ақ оқыңыз