Атыраудың экологиялық мәселелері қалай шешіліп жатыр?

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Атырау қаласы үшін экология мәселесі өте өзекті. Негізгі ластаушы көздері – «Тухлая балка» булану алаңы, «Квадрат» булану алаңы, тұрмыстық қалдықтар полигоны, Атырау мұнай өңдеу зауыты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жұмыстарға тоқталды.

«Тухлая балка» булану алаңында 2021 жылы кәріздік тазарту қондырғылары салынды. 2023 жылы булану алаңының рекультивация жұмыстары аяқталады. «Квадрат» булану алаңы. 2023 жылы кәріздік тазарту қондырғылардың құрылысы басталды. 2025 жылы булану алаңының рекультивация жұмыстары аяқталады. Тұрмыстық қоқыс полигоны. Полигонды рекультивация жасаудың ЖСҚ жасақталуда. 2024 жылы жұмыстар басталып, полигонды жабу көзделген. Атырау мұнай өңдеу зауыты. Тазалық бағдарламасы аясында зиян шығындыларды азайту жоспарланды. Технологиялық аудит өткізіледі», – деді С.Шәпкенов.

Бұдан бөлек Атырау экологиясына кері әсер ететін тағы бірнеше фактор бар. Олар Ақжайық резерватында болатын өрт, Жайық өзенінің сулану деңгейінің төмендеуі, Солтүстік Каспий деңгейінің төмендеуі және шаңды дауылдар.

«Ақжайық резерваты бойынша 2023 жылы республикалық бюджеттен 285 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат материалдық техникалық базаны нығайту жұмсалады. Жайық өзенінің сулану деңгейінің төмендеуі мәселесін шешу үшін 2022-2024 жж. республикалық бюджет есебінен Жайық өзенінің 52,1 шақырымына түп тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Каспийге қатысты Каспий теңізін зерттеу институтының филиалы Атырау қаласында ашылады. Соңғы 5 жылда шаңды күндердің үлесі 2 есеге ұлғайды. Мәселені зерттеу бойынша жұмыстар ұйымдастырылып жатыр», – деді С.Шәпкенов.

Жалпы Атырау облысында атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығын көлемі 2022 жылы 110,75 мың тоннаны құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 29 пайызға төмендеген.

Сондай-ақ оқыңыз