Жаңалықтар

Даниал Ахметов ШҚО әкімі лауазымынан босатылды

Фото: kursiv.media

Даниал Ахметов ШҚО әкімі қызметінен босатылды. Президент жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.

Облыстың жаңа басшысын тағайындау бойынша Шығыс Қазақтан облыстық мәслихатының отырысы 16 маусым сағат 10:30-ға жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысын 9 жылға жуық басқарған Даниал Ахметов, бір облысты ең ұзақ басқарған, әрі еліміздегі ең жасы үлкен әкім болған еді. 15 маусым күні 69 жасқа толған Ахметов, бұл лауазымға 60 жасында келген. Өткен жылы Президенттің баспасөз хатшысы Даниал Ахметовтың әкім ретіндегі өкілеттігі бір жылға ұзартылғанын хабарлаған болатын.