Жаңалықтар

Қазақстан депозитарийі елге берілген «бағалы қағаздардың 90 пайызы Ресей активтері» деген ақпаратты жоққа шығарды

Фото: kursiv.media

Орталық бағалы қағаздар депозитарийі (KCSD) Frank Media басылымының «Қазақстанға берілген барлық бағалы қағаздардың жалпы көлемінің айтарлықтай үлесін (80-90%) ресейлік активтер құрайды» деген ақпаратын жоққа шығарды.

KCSD өткен жылы11,14 трлн теңгеге қаржы активтері аударылғанын хабарлады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (0,73 трлн теңге) 15 есеге немесе 10,4 трлн-ға артық.

Номиналды ұстау түсінігі эмитенттің бағалы қағаздарын оның заңнамалық негізде шетелдік юрисдикцияда сақтауымен байланысты. Бұл ретте Мәскеу биржасында саудаланатын ресейлік эмитенттердің соғыс басталғанға дейін батыс депозитарийлерінде сақталған облигациялары қазақстандық KCSD-ға берілді. Ресейге салынған санкциялар олардың ресейлік облигацияларды сақтауына және оларды Ресейдің Ұлттық есеп айырысу депозитарийіне аударуға тыйым салды.

2022 жылы басқа елдердің заңнамасы бойынша шығарылған облигациялар, акциялар мен басқа да активтер бірнеше есе көп аударылған. Соңғысы негізінен квазиресейлік депозитарийлік қолхаттар. Frank Media сұхбаттастарының бірі қазақстандық тізбекке өткен ресейлік қағаздардың «жалпы көлем 80-90 пайызды құрайтынын, тіпті одан да көп» екенін айтқан. Басылым дереккөзі берген ақпарат өткен жылдары басқа активтермен операциялардың болмауымен расталады.

Басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялардың KCSD иелігіндегі көлемі төрт есеге жуық (3,5 трлн теңгеге) өсіп, 4,7 триллион теңгеге жеткен. Бұл ретте Қазақстан заңнамасы бойынша шығарылған бағалы қағаздардың саны 2 триллион теңгеге ғана артық болған.

«2022 жылы номиналды ұстауға облигацияларды енгізу көлемінің 2021 жылмен салыстырғанда күрт өсуі Орталық бағалы қағаздар депозитарийінің номиналды ұстауға ресейлік федералды қарыз облигацияларының көп шығарылымын енгізуімен түсіндіріледі», делінген KCSD жылдық есебінде.

Сонымен бірге, Курсивке берген түсініктемесінде депозитарий КCSD-ге берілген ресейлік бағалы қағаздар жалпы көлемнің 80-90% құрады деген ақпаратты жоққа шығарды. Олар «расталмаған дереккөздер мен болжамдарға» түсініктеме бермейтіндерін айтып, қосымша түсініктеме беруден бас тартты.

Өткен жылы номиналды ұстаушылар КCSD-ге 8,6 мың жаңа құрал тіркеді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда алты есеге немесе 7,2 мыңға көп. Өткен жылы КCSD номиналды ұстауына 8,9 трлн теңгенің облигациялары аударылған. Бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 8,4 трлн теңгеге жоғары. Сондай-ақ, жай акциялар 49 млрд теңгеге (19,62 млрд теңгеге немесе 66,78%-ға өсті), артықшылықты акциялар 0,14 млрд теңгеге және басқа да құралдар шамамен 2 трлн теңгеге аударылған.

Номиналды ұстаудағы қаржы құралдарының жалпы көлемі 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 111,16 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,05 трлн теңгеге (5,75%) артық. Номиналды ұстаудағы мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі 18,14 трлн теңгені, мемлекеттік емес бағалы қағаздар (акциялардың мемлекеттік пакеттерін қоспағанда) 22,42 трлн теңгені құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда ең көп өсім резидент еместердің жай акциялары, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес облигациялар, сондай-ақ резидент еместердің акциялары 365, 448 және 102 атауы бойынша өсім байқалған.

Қаңтарда Bloomberg агенттігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап, Федералдық несиелік облигациялар операциясы 641,1 млрд теңгені құрағанын хабарлады. Мұндай операциялармен алты брокерлік компания айналысқан. Бұл ретте Қазақстан резиденттерінің үлесі – 48,7%, ресейліктердің үлесі – 41,4% құраған.

Орталық депозитарийдің 2022 жылы алған кірісінің жалпы сомасы 4,8 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 млрд теңгеге (58,48%) артық. Негізгі кіріс көзі депозитарлық қызметтен түскен кіріс болды. Ол – 3,4 млрд теңгені құрап, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,3 млрд теңгеге немесе 64,43%-ға артқан. КCSD бұл өсімді депозитарлық қызметтен түскен кірістің өсуі номиналды ұстаудағы қаржы құралдары көлемінің ұлғаюымен байланысты деп түсіндірді.