Қазақстан қаражатына Ресей компаниясы Алматыда күл өңдейтін зауыт салады

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Алматы ЖЭО-2 жанынан жылдық қуаттылығы 300 мың тонна, құны 21 миллион долларды құрайтын күл қалдықтарын өңдейтін кешен салынады. Жобаны қазақстандық «Arka Development» компаниясы қала билігімен және ресейлік «РИД Капитал» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырады.

Алматы электр станциялары (АлЭС) 2015 жылы Алматы ЖЭО-2-де күлді өңдеу туралы мәселе көтеріле бастаған. Содан бері Алматы жылу электр стансаларынан гидрокүштен тазартылғаннан кейін қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыра алатын компанияға іздеу жүргізілген. Ал 2022 жылы конкурс жарияланған.

«АлЭС» бас инженері Ғазий Исмұхамбетовтің айтуынша, 40 жыл ішінде ЖЭО-2 күл үйіндісінде 20 миллион тоннадан астам қалдық жиналған.

«Бізде күл шамамен 40% құрайтын Екібастұз жылу көмірін жағамыз. Сондықтан біз жыл сайын күл үйінділеріне миллион тоннаға жуық күл шығарамыз. Күлдің өзі қауіпті емес, бірақ оны сақтау үшін жер пайдаланылады. Сонымен қатар, ол 50% кремний оксидтерінен, 25% алюминий оксидтерінен, 5% темір оксидінен және шағын пропорцияда металдардан тұрады. Біздің күлді құрылыс материалдарын өндіруге де, металлургияға да шикізат ретінде қарастыруға болады», – дейді АлЭС бас инженері.

Конкурс жеңімпаз ретінде «Arka Development» компаниясы танылған. Өз кезегінде бұл компания ресейлік «РИД Капитал» компаниясына қаражат бөліп, сол копиания жылдық қуаттылығы 300 мың тонна күл қалдықтарын өңдеу кешенін салады. 16 маусым күні АлЭС, «РИД Капитал» и Arka Development компаниялары арасында меморандумға қол қойылды.

Жоба қанша тұрады және күлден не жасалады?

Өңдеу кешенін салу үшін бірлескен кәсіпорын тіркеледі. Жаңа технологияның иесі заңды тұлға болады. Конкурс жеңімпаздары жаңа компанияны тіркегеннен кейін бір апта ішінде жол картасын дайындап, жұмыс топтарын құруы тиіс. Болжам бойынша, күлден жасалған өнімдер 2024-2026 жылдары шығарыла бастайды. «РИД Капитал» компаниясының бас директоры Игорь Пясецкийдің айтуынша, Ресейде құрал-жабдықтарды шығару шамамен 6-8 айға созылуы мүмкін.

Жобаның сметалық құны 21 миллион АҚШ долларын құрайды. Arka Development серіктестігінің иесі Рахат Еламан компанияға жеке инвестиция тартылып жатқанын, құзырлы органдар тарапынан қосымша қаржы қажет еместігін мәлімдеді. Дегенмен, соған қарамастан қазіргі таңда мемлекеттік компаниялар – «Самұрық-Энерго» немесе «АлЭС» компанияларын жобаға тарту мәселесі талқыланып жатыр.

«Міндетті түрде жобада мемлекеттің құрамдас бөлігі болады. Біз мемлекеттік тұрғын үй құрылысында ынтымақтасамыз. Сонымен қатар, бізге өндіріс үшін күлді жеткізу керек, суды қосу керек, тұйық жол мен жерді пайдалану қажет болады. Бұл инфрақұрылымның барлығы мемлекетпен байланысты. Сондықтан олар бізді осы нәрселермен қамтамасыз ету жөнінде кепілдік беруі керек. Біз мұнда мемлекеттік қаржыландыру туралы айтып отырған жоқпыз», дейді Рахат Еламан.

Өңдеу нәтижесінде жанбаған көмір (қазандықтар үшін брикеттелген өнім), магнетит (металлургия өнеркәсібінің шикізаты, ауыр бетонның толтырғышы), микросфера (пластикалық бұйымдар өндірісіндегі толтырғыштар, гипс, керамика, жеңіл цемент) және алюмосиликатты өнім (құрылыс материалдарының шикізаты) алынады.

Болашақта зауыттың қуаттылығын модельдік қондырғыларды пайдалана отырып, жылына 1 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Дегенмен, соңғы көлем өңдеу процесінде алынатын материалдарға сұраныс пен мемлекеттік қолдауға байланысты болады.

«Өнімділіктің өзі құрылыс материалдарын сату көлеміне тікелей байланысты, ал бұл өз кезегінде мемлекеттік қолдауға байланысты. Бұл- мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саналады. Біз облыстар мен Алматының құрылыс компанияларымен олардың қажеттіліктерін пысықтайтын боламыз. Біз онлайн күл қалдықтарын ысыра тұрып, сақталып жатқан қалдықтарды өндіріске жұмсауымыз керек. Қалған күлді өңдеу жылдамдығы екі компонентке тікелей байланысты болады – оның ең маңыздысы құрылыс материалдары. Егер олар сатылымда олса, біз қуаттылықты арттыра түсеміз», дейді «Arka Development» серіктестігінің өкілі.

Ресейлік компания Қазақстанға қалай көмектеседі

«РИД Капиталдың» негізгі қызметіне ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар кіреді. Қазақстанға кешен өз жабдықтарымен, технологияларымен және құрылысымен көмектеседі. Кешенге меншік құқығын ресейлік компания иеленеді. Компанияның бас директоры Игорь Пясецкий техника мен технологиялар қалдықтарын экономикалық тиімді жобаға айналдыруға мүмкіндік беретінін баса айтты. Ол бірнеше аппараттық-технологиялық кешендермен қамтамасыз етіледі. Біріншісі – бөлу, екіншісі – материалдар өндіру. Қазақстандық зауыт құрылысына арналған «РИД Капитал» жабдықтарын Краснодар машина жасау зауыты шығарады. Зауытпен келісімге келген.

«Қалдықтарды бөлудің барлық әдістері – механикалық, электростатикалық – химиялық заттарды қолдануды көздемейді. Ол үшін радиосепараторлар мен магниттік сепараторлар қолданылады. Біз қалдықтың 99% өнім шығарып, толық рекультивациялау арқылы пайдалы элементтер аламыз. Қоршаған экологиялық залалды толығымен жоямыз. Шығарындылардан аз ғана шаң болады», дейді Игорь Пясецкий.

Әзірге жоба тек Алматы ЖЭО-2-де ғана іске қосылады. Алдағы уақытта «Самұрық-Энерго» басқаратын басқа да жылу электр станцияларының күлін өңдеу жоспарлануда. Экология департаменті бұл шамамен 500 гектар күл үйінділерін шығаруға мүмкіндік беретінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз