Қазақстандық стартаптар Орталық Азиядағы үздіктердің қатарына қосылды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Венчурлық капиталды инвестициялау жөніндегі маман Адриан Хенни Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы халықаралық деңгейде құрылған он стартап тізімін жасаған. Ол тізімнің тең жартысы Қазақстандық компаниялардан тұрады.

Инвестициялық кеңесші қазақстандық СitiX – сыртқы цифрлық жарнама, демонстрациялық панельдер мен оларға арналған бағдарламалар, Clockster – уақытты бақылауды автоматтандыру, Jet скутерлерді жалға беру қызметі, Parqour – тұрақтарды басқару және S1lkPay мобильді банкингі сынды жобаларды алғашқы ондыққа кіргізген. Хенни сонымен қатар жасанды интеллект арқылы инсультті жылдам анықтау әдісін әзірлеген Cerebra стартапын шетелде табысқа жеткен үздік қазақстандық стартаптар қатарына қосты.

«2022 жылы ресейлік және беларусьтік ІТ мамандарының едәуір бөлігінің Қазақстанға көшуі қазақстандық стартаптарға жоғары білікті бағдарламашыларды, дизайнерлерді, маркетологтарды және аналитиктерді жалдауға мүмкіндік берді», дейді маман.

Сонымен қатар, тізімде Қырғызстанның үш стартапы енген. Олар – D Billions балаларға арналған ойын-сауық бейнеконтенті, Growave шағын брендтерге арналған маркетингтік платформа, Kodif.io IT әзірлеушілерге арналған платформа, сондай-ақ өзбекстандық Iman Invest Исламдық банкингі және тәжікстандық Zypl.ai машина үйрену стартапы.

Сондай-ақ оқыңыз