Samruk-Kazyna Construction Наталья Годунованың «Жайлы мектеп» жайындағы сынына жауап берді

Жарияланды
школа
Фото: Shutterstock

Samruk-Kazyna Construction ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунованың «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қатысты сынына жауап берді.

Компания «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша конкурстық рәсімдер Samruk-Kazyna Ұлттық әл-ауқат қорының ережелеріне сәйкес, ерекше тәртіппен жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік сатып алу қағидалары квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарында қолданылмайды.Конкурстық рәсімдер стандартты мемлекеттік сатып алулардан түбегейлі ерекшеленеді, атап айтқанда компанияларға қатаң біліктілік талаптары қойылады. Осылайша, тиісті тәжірибесі жоқ «бір күндік» фирмалар немесе жосықсыз мердігерлер іріктеуден өтпейді», – деді Samruk-Kazyna Construction АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.

Сондай-ақ, конкурсқа қатысушы компаниялар банктік кепілдік беруі керек. Бұл оны жұмысты уақытында аяқтауға және жосықсыз мердігерлердің тізіміне енбеуге ынталандырады. Ал егер мердігер өз міндеттемелерін орындамаса, банктік кепілдік бюджет қаражатын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

«Біз құзыретті органдардағы әріптестеріміздің алаңдаушылығын түсінеміз және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау бойынша бастаманы қолдаймыз. Алайда, ұлттық жобаны іске асыру туралы қисық ойлар мен қате түсінік қалыптаспауы үшін нюанстарды егжей-тегжі түсіну маңызды», – деп атап өтті Айманбетов. 

Сонымен қатар ол Үкіметтің қаулысына сәйкес, ұлттық жобаны жүзеге асыруға Оқу-ағарту министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және Samruk-Kazyna Construction жауапты деп бекітілгені айтты. SK Construction жайлы мектептердің құрылысына жауапты дирекция ретінде жұмыс істеп жатыр.

Жоспарланған 400-ге жуық мектептің 180-ге жуығы ауылдық жерлерде салынады. Алайда қаладағы жайлы мектептер мен ауылдағы білім ошақтарының іші де, сырты да, жиөазы мен жабдықтары да бірей болады. Ешқандай өзгешелік не артықшылық болмайды. Осылайша, қаладағы және ауылдағы оқушыларға сапалы білім бірдей қол жетімді болады.

Жоғарғы аудиторлық палата төрайымы Наталья Годунова Сенат отырысында Білім министрлігі 2022 жылы «Жайлы мектептер» жобасын жүзеге асырудан бас тартқанын, содан кейін жоба «Самұрық-Қазына Құрылысқа» берілгенін айтқан болатын. Ол жобаға қомақты қаржы – 2,6 триллион теңге бөлінгенін, бірақ оның мемлекеттік сатып алу ережелері сақталмай жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар ұлттық жобалар мен бағдарламалар бойынша нәтижеге қол жеткізбеген шенеуніктерге жауапкершілік енгізу ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз