Жаңалықтар

Түркістанда мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай өтеді

Фото: Ақорда

Түркістанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Ұлттық құрылтай өтеді. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді», делінген хабарламада.

Құрылтайдың бірінші кеңесі бір жыл бұрын Ұлытауда өтті. Оның құрамына ­­­117 адам кірген. Онда барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері бар.