Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласының қызметкерлерін мерекесімен құттықтады.
Президент өзінің Twitter парақшасында құттықтау жариялады.
«Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді», деп жазды Президент.