AstraZeneca геосаясатқа байланысты қытайлық бизнестен бөлініп, оны FT қор биржасына шығаруы мүмкін

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Шведтік және британдық AstraZeneca өсіп келе жатқан геосаяси шиеленістерден сақтану мақсатында қытайлық бизнестен бөлініп, оны Гонконгтағы биржаға қою бойынша листинг жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Интерфакс, Financial Times басылымына сілтемес жасап.

Дереккөздерге сенсек, AstraZeneca бұл идеяны банк индустриясымен бірнеше ай бұрын талқылай бастаған. Бөліну орындалмауы да мүмкін. Ол Шанхайда листингтен өтеді. Жоспар бойынша фармацевтикалық компания қытай сегментіне бақылауын сақтап қалмақшы.

Дерекөздер бұл идея бірнеше жыл бұрын ұсынылғанын, бірақ әлемдік биотехнологиялық компания акцияларының құлдырауына байланысты қарастырылмағанын хабарлаған.

«Қытайлық бизнесі бар әрбір трансұлттық корпорация» бұл мүмкіндікті зерттеген сияқты. Бұл жай ғана болашаққа икемделу, соған қарамастан, бұл туралы ойлануға болады», деп хабарлады FT азиялық банк саласының жоғары лауазымды қызметкеріне сілтеме жасап.

Гонконгтағы немесе Шанхайдағы арнайы сегментті листингтеу AstraZeneca-ны Бейжіңнің шетелге қарсы әрекеттерінен саяси оқшаулауы мүмкін, дейді фармацевтикалық алпауыттың жоспарларымен таныс дереккөз иесі. Сонымен қатар, акцияларды биржада орналастыру капиталдың қосымша көзіне айналады.

Дүйсенбі күнгі Лондон саудасында AstraZeneca акцияларының бағалары 1,1%-ға төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз